Skip to playerSkip to main content
  • 8 years ago
Тәуекел Мүсілім өзінен 11 жас кіші сүйіктісі туралы алғаш рет шындықты айтты. Айтуынша, оны өзіне ғашық еткен ару бастапқыда оны тіпті көзіне де ілмеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әнші YouTube желісіндегі "Хайптама" бағдарламасында айтты.

Әнші ол өзінен 11 жас кіші сүйіктісімен қалай танысқанын айтып берді.

"Бір 15 минуттай қарап отырдым. Ол маған осы уақыт ішінде бір де бір рет қараған жоқ. Дәл сол сәтте есім кетіп ғашық болып тұрғанмын. Сондықтан жанына барып, танысуды жөн көрдім. Жоқ, мен бәрібір танысуым керек, өйткені басқа ондай мүмкіндік болмайтынын сездім. Бардым, таныстым, - дейді әнші.
Айтуынша, ол уақыты аз болғандықтан, бірден бойжеткеннің нөмірін алуға тырысқан. Алайда телефон нөмірін беруге келіспеген қыз оның бетін қайтарыпты.

"Бірінші нокдаун болды, әлсіреп қалдым, ал телефонын бермеген кезде нокаут болдым", - дейді ол.

Осылайша, Тәуекел құлай сүйген қызы бетін бір көргеннен қайтарып тастағанын жеткізді.

Сонымен бірге, әнші үйлену тойы келесі жылы болатынын айтты.

Category

✨
People

Recommended